Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

1021

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін, энергетика саласы, экология мен мұнай-газ саласын тарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Кеңестің 32-пленарлық отырысына дайындық барысы да талқыланды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" Ассоциациясының басқарма төрағасы А. Прейманис, шетелдік тараптардың тең төрағалары Е. Досымбеков, Ш. Гомез, сондай-ақ, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" Ассоциациясының директоры Ж. Байдашева атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Отырысқа қатысушылар шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын және әрі қарайғы жұмыс бағыттарын анықтады. Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі А. Смайылов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев келешегі бар жобалар туралы түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Кеңес құрамына 30-дан астам шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу