Шетелдік инвесторлар отандық жобаға 300 млн доллар салмақ

1043

Кәсіпорын үш жылдың ішінде іске қосылады.  

Шетелдік инвесторлар отандық жобаға 300 млн доллар салмақ

Екібастұз қаласында құны 300 млн доллар тұратын техникалық кремний шығаратын зауыт салынады. Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінің Canarax Trading LLC компаниясы қаржыландымақ.

"Жоспар бойынша 300 млн доллар инвестиция құйылады. Жоба 2019-2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Кәсіпорын 380 адамды жұмыспен қамтиды",- деді басқарма мамандары.

Биылғы жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталып, электр желілері тартылды. Жуырда жобалық – сметалық құжаттарды дайындау үшін зауытты бірлесіп салатын қазақстандық компания анықталады. Ал 2020 жылдың бірінші тоқсанында шекті рұқсат етілген төгінділер көлемі белгілі болмақ. Тек содан кейін кәсіпорынның нақты жобасы жасалмақ. 

Естеріңізге сала кетсек, Canarax Trading LLC БАӘ-де металл сататын ірі компания. Оның ішінде ферроқорытпа мен неферроқорытпа өндірісін дамытумен айналысады. Ал техникалық кремний автокөлік жасау, химия мен фармацевтика салаларында қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу