Шетелдік инвесторларды білікті диктатордың елі қызықтырады

1063

Финляндия банкінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік инвесторлар білімді басшы билейтін авторитарлық режимге көбірек қаржы бөледі. 

Шетелдік инвесторларды білікті диктатордың елі қызықтырады

Демократиялық емес елдерге құйылатын инвестиция ағынын зерттеген сарапшылар осындай тұжырымға келді. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

Финляндия банкінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік инвесторлар білімді басшы билейтін авторитарлық режимге көбірек қаржы бөледі. Егер үстемшіл билеуші экономика саласы бойынша білім алса және бизнесте тәжірибесі болса, онда инвестицияның құйылу ықтималдылығы әлдеқайда жоғарылайды. 1973 және 2008 жылдары аралығында диктаторлық елдерде жүргізілген зерттеу қорытындысы осындай. 

Сарапшылардың сөзінше, жекеменшіктен айырылып қалу қаупінен көрі, мемлекет басшысының біліксіздігі инвестицияның тартылуын тежейді. Ал диктатордың жасы мен саясаттағы тәжірибесі бұған еш әсерін тигізбейтінін алға тартты. 
Сонымен қатар билік бір адамның қолында шоғырланған елдер қанша жерден инвесторларды қызықтыруға талпынса да, басшының тұлғалық болмысы шешуші рөл атқарады. Өйткені инвесторлар оның жеке қасиеттеріне қарап билеушінің келешек саясатын болжай алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу