Шетелдік инвесторларды Қазақстанның шикізаты ғана қызықтырады - Ольга Перепечина

485

Бұдан басқа ел экономикасының құрылымы импортқа тәуелді болып отыр.  

Шетелдік инвесторларды Қазақстанның шикізаты ғана қызықтырады - Ольга Перепечина Фото: kapital.kz

Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Парламенттің жоғары палатасында Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы өткен Үкімет сағатында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Ольга Перепечина 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 28 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үлкен инвестиция ағыны, деді ол.

"Еліміз сыртқы сауда айналымын қарқынды түрде арттырып жатыр, былтыр  бұл 134,4 млрд долларға жетті. Дегенмен де, бізге әлі қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Тартылған 28 миллиард доллар инвестицияның  басым бөлігі шикізат секторына, оны тасымалдау мен саудаға байланысты инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл процесс әлі жалғасып жатыр. Мәселен, салалық бөліністе инвестициялардың ең көп бөлігі тау-кен өнеркәсібіне тартылды – 12,1 млрд доллар, ал өңдеу өнеркәсібіне 5,6 млрд доллар. Осылайша шетелдік капиталды Қазақстанда шикізат өндіруден басқа сала қызықтырмайды деген қорытынды келуге болады", - деді Сенат төрағасының орынбасары.

Ол ел экономикасының құрылымы импортқа тәуелді болып отырғанын жеткізді.  

"Мысалы, Қазақстан маңызды құрылыс материалдарының импортына 90 пайызға тәуелді. Бұдан бөлек біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 56%-на дейін сырттан әкелеміз", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу