Шетелдік инвесторлармен жасырын жасалған келісімшарттар ашық жарияланауы керек

508

 Мәжілісмендер елдің мұнай-газ жобаларындағы үлесі кем дегенде 51 процент болуы тиіс дейді. 

Шетелдік инвесторлармен жасырын жасалған келісімшарттар ашық жарияланауы керек Фото: inbusiness.kz

Мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасырын жасалған келісімшарттардың халыққа ашық жариялануын талап еткен депутаттар да табылды.  "Ақ жол" фракциясы Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз кен орындарының өнімді тең бөлу туралы келісімнің ашық айтылуын сұрап отыр. Перуашев отандық баспасөздің бірінде жарияланған мақаланы мысалға келтірді. Онда ең ірі мұнай-газ кен орны Қашағанды игеруден Қазақстанға 2-ақ пайыз пайда түсетіні туралы жазылған. Демек қалған 98 процент табысты шетелдіктер өздеріне қалдыратын көрінеді. Мәжілісмендер елдің мұнай-газ жобаларындағы үлесі кем дегенде 51 процент болуы тиіс дейді. 

"Тәуелсіздік алғаннан бері, ешбір шетелдік инвестор 30 жыл ішінде бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ, тек байлығымызды сыртқа шығарып, сатып жатқаны кездейсоқ емес. Нәтижесінде, Қазақстан өз мұнай-газынан тиісті табыс таппай, оның үстіне жыл сайын жағармай тапшылығы орын алып, монополистер оны баға көтеру үшін пайдаланып жатыр. Ал, шенеуніктер бұл мәселеге жылдар бойы немқұрайлы қарап отыр", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу