Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Қазіргі кезде 61 мың адамның өтінімі мақұлданды. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлерін алды. Заңдастыру науқаны 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады", - деді Шұғыла Тұрлыбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу