Шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша Үкімет қаулысы әзірленді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша Үкімет қаулысы әзірленді Фото: okg.kz

"Министрлік Мемлекет басшысының шетелдік автомобильдерді заңдастыру тапсырмасын іске асыру бойынша іс-шаралар қабылдауда. Бұл жұмыс 2 кезеңнен тұрады. Бірінші – заңнамаға тиісті түзетулерді енгізу және екінші – заңдастыру үшін тікелей іс-шаралар ұйымдастыру", – деді министр.

Осылайша Салық кодексіне түзетулер енгізіліп, автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге көлемінде белгіленді.

"Министрлік қыркүйектен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ шетелдік автокөлік иелерімен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ішкі істер министрлігімен бірге Қаржы министрлігі кедендік декларациялау мәселелері бойынша, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік құралдарына техникалық талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр", – деді Ішкі істер министрі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу