Шетелдік көлікті заңдастыру аяқталар тұста пысықай делдалдар көбейді

630

Құлқыны кең пысықайлар құны қымбат қызмет ұсынып жатқан көрінеді.

Шетелдік көлікті заңдастыру аяқталар тұста пысықай делдалдар көбейді

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының табалдырығын тоздырып жүрген жүргізушілер полицейлерге де ашулы. Айтуларынша, қысылтаяң шақта құқық қорғау органдары қазақстандық нөмірлерді беруге құлықсыз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Ішкі Істер министрлігінің өкілдері мұндай делдалдарға алданып, олардың қызметіне жүгінбеуді сұрап отыр. Ал,  көлігіне қазақстандық нөмір алып үлгермей жатқандарға мынадай кеңес берді.

"Бұл азаматтар 1 шілдеге дейін құжаттарын тапсыру үлгерулері керек. Кейін 1 шілдеден кейін біз олардың өтінімдерін қарайтын боламыз. Жетпейтін құжаттары болса, оны кейін де тапсыруға болады. Халық уақыт аз қалды деп қызмет көрсету орталықтарына барып, кезекте тұрып, абыр-сабыр болудың қажеті жоқ", - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Алтынбек Жамалиев.

Бүгінге дейін елімізде шетелден келген 160 мыңға жуық көлік құралы тіркелді. Олардың басым бөлігі Ресейдан, сосын Армения мен  Қырғыздан кіргендер. Айта кетейік, 1-ші шілдеден бастап басқа елдердің нөмірін таққан көліктер заңсыз деп танылады. Бірақ Ішкі істер министрлігі мұндай темір тұлпарлардың иелеріне ішкі сақтандыру полисі аяқталғанша жүруіне рұқсат береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу