Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.
"Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым", – дейді Сейілбек Олжабеков.
Еске сала кетсек, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Шетелден әкелінген, арнайы талаптарға сай көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу