Шетелдік көлікті заңдастыруға қатысты маман кеңесін ХҚКО-дан алуға болады

573

23 қаңтардан бастап елімізге шетелден жеткізілген автокөліктерді заңдастыру науқаны басталады.  

Шетелдік көлікті заңдастыруға қатысты маман кеңесін ХҚКО-дан алуға болады Фото: Алексей Старков

Осы орайда көлік иелеріне мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары кеңес береді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

"Шетелдік көлікті заңдастыру үшін өтінішті "Электрондық үкімет" порталы арқылы немесе мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып беруге болады. Ол үшін қызмет көрсету орталықтарында арнайы сектор ұйымдастырылады. Яғни, ол жерде тек қана шетелдік автомобильдерді заңдастыру өтініші мен құжаттар қабылданады", - деді Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар мамандандырылған ХҚКО-да әкімшілік полиция қызметкері де заңдастыруға қатысты кеңес береді.

Бұған дейін көлікті заңдастырмаған қазақстандықтарға қандай жаза қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу