Кездесу барысында өңірде қоқыс өңдейтін кешен салу мәселесі талқыланды. Инвестор Ақтөбенің қоқыс полигонында жүзеге асыруға болатын кешен жобасын ұсынды.
"Recycle Menegment Company" ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдаудан бастап, одан картон, пластмасса және тағы да басқа өнім алу, өңдеу, жылу және электр энергиясын өндіру жұмыстарымен айналысады. Компания жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан асатын ірі қоқыс өңдеу кешендерін іске қосқан.
Өңір басшысы өз кезегінде қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі әлем елдерінде бар проблема екенін, оны тек қоқыс өңдеу кешендерін салу арқылы шешуге болатынын алға тартты. Ақтөбеде жыл сайын халық саны өсуде, бұл сәйкесінше қоқыс көлемінің көбеюіне де әкеледі.