Шетелдік компания қазақстандық әуежайлардың аукционға қойылуын күтіп жүр

759

Ресейлік инвестор Қазақстандағы әуежайларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Шетелдік компания қазақстандық әуежайлардың аукционға қойылуын күтіп жүр

"Новапорт" холдингі Қазақстан мен Өзбекстан әуежайларына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның басшысы Роман Троценко айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол 2022 жылдың соңына қарай аукцион өтеді деген үмітте екенін жеткізді.

"Инвестиция салу жоспары күшінде. Алайда барлық үкімет (Қазақстан мен Өзбекстан) әуежайларды жекешелендіру жоспарын өзгертті. Яғни біз аукционға қатысамыз деген әңгіме болды. Бірақ аукцион жарияланған жоқ", – деді Роман Троценко ПМЭФ-2021 кулуарында журналистерге.

COVID-19 пандемиясына дейін "Новапорт" Нұр-Сұлтан, Ақтөбе (Қазақстан), Самарқан, Наманган және Үргеніш (Өзбекстан) әуежайларына инвестиция салып, басқарғысы келетінін хабарлаған.

"Барлық әуежайда жолаушылар ағынының азаюына байланысты бұл сала тиімсіз болып отыр. Менің ойымша, үкімет (Қазақстан мен Өзбекстан) пандемия аяқталғаннан кейін бұл мәселені қайта көтеруі керек. Солай дұрыс болады", – деді компания басшысы.

Роман Троценко холдинг барлық жобаға қатысуы екіталай екенін, бірақ олардың әрқайсысына "жалпы" инвестиция шамамен 100 миллион долларға бағаланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, бүгінде "Новапортқа" Ресей өңірлеріндегі әуежайлар тиесілі: Воронеж, Новосібір, Барнаул, Кемерово, Томск, Чита, Астрахань, Челябі, Волгоград, Пермь, Түмен, Мурманск, Минеральные Воды, Нальчик, Белгород, Ставрополь, Владикавказ, Калининград, Улан-Удэ, Элиста. 

"Новапорт" AEON Corporation компаниясының құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу