Шетелдік компаниялар ең көп шоғырланған үш өңір аталды

884

Шетелдік компаниялар шағын және орта бизнес сегментіне қарағанда Қазақстанның ірі бизнесінде басым салмаққа ие. Бұл ретте шетелден келген компаниялардың үштен екі бөлігі Қазақстанның үш өңірінде – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысында шоғырланған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетелдік компаниялар ең көп шоғырланған үш өңір аталды

Қазақстанда осы жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша 29,7 мың шетелдік компания тіркелген. Бір жылдың ішінде олардың саны 8,4% өскен. Оның ішінде 29,2 мыңы шетелден келген шағын компаниялар. Олардың да саны бір жылдың ішінде 8,5% көбейгенін айта кету керек. Тіркелген 246 компания орташа заңды тұлғаларға жатады. Олардың саны бір жылда 6,1% азайған. Шетелдік ірі компаниялардың саны – 199.

"Шетелдік компаниялардың үлесі бір жылда 6,1%-дан 6,3%-ға өсті. Шағын компаниялардың ішінде шетелдік компанияларлдың үлесі 6,4% құраса, ірі компаниялардың үлесі 4% ғана. Жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың саны соңғы жылы 11,6% артты", - делінген зерттеуде.

Қазақстанның өңірлерінің ішінде жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың көбі Алматы қаласында шоғырланған. Мегаполисте олардың 8,9 мыңы еңбек етіп жатыр. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (3,7 мың) тұр. Өңірлердің ішінде шетелдік компаниялардың ең жоғары концентрациясы Жамбыл облысында: 1,1 мың.

"Шетелдік компаниялар көбінесе тау-кен өнеркәсібі  (9,4%), сонымен қатар сауда мен жөндеу (9,3%) мен HoReCa (9,3%) сегментінде жұмы істейді", - делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу