Шетелдік компаниялар Күрдістанда мұнай өндіруді тоқтатты

Түркия экспортты шектегеннен кейін шетелдік компаниялар да Күрдістанда мұнай өндіруді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Iraq Oil Report басылымына сілтеме жасап.  

Шетелдік компаниялар Күрдістанда мұнай өндіруді тоқтатты Фото: РИА Новости

Халықаралық арбитраж сотының шешімінен кейін Түркия 25 наурызда Ирактың солтүстігінен мұнай экспортын тоқтатты.

Түркия Күрдістан Аймақтық Үкіметінің тәуелсіз құбыры бойынша екіжақты келісімді бұзған.

КАҮ жетекшілері Бағдадқа келіссөз жүргізуге өкілдерін жіберді, бірақ федералды билікпен экспортты қалпына келтіру туралы әлі келісімге келген жоқ.

"Екі тараптың ұсыныстары қабылданбады", - деп хабарлады Ирак парламенті төрағасының орынбасары, Күрдістан демократиялық партиясының мүшесі Шахаван Абдулла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу