Батыс компаниялары бұған дейін Ресейден дереу кетеміз дегенімен, әлі күнге дейін Ресей нарығынан кетуге асығар емес. Financial Times дереккөзінің хабарлауынша, мұндай стратегияны Avon Products, Air Liquide және Reckitt сияқты жүздеген компаниялардың басшылары ұстанып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Мәселе ресейлік тұтынушыларға деген сүйіспеншілікте емес, олар тек активтерге үлкен жеңілдік жасау және салық төлеу арқылы ақша жоғалтқысы келмейді. Мұндай мәміле біраз адамдар үшін қолайсыз, сонымен қатар кейбір шетелдік инвесторлар Ресейде өндіріс орындарын жалға алып қана қоймай, бүкіл зауыттарды салып үлгерген. Жылдар бойы жиған-тергенінен бір мезетте бас тарту, әрине, қиын.
Дереккөз келесі сандық деректерді келтіреді — 2,1 мыңнан астам халықаралық компаниялар Ресей нарығында қалды. 1,6 мың бизнес жұмысын тоқтатты немесе уақытша тоқтатты.
Reuters мамыр айында Ресейге қарсы шыққан елдердегі компаниялардың орасан зор шығынға батқаны туралы материал жариялаған. Жалпы алғанда, олар Ресей нарығынан кетеміз деп 107 миллиард доллар жоғалтты. Сонымен қатар, бұл шығындардың көп бөлігі активтерді баланстан шығарумен және жоспарланған кірістердің жетіспеушілігімен байланысты.