Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады

309

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржы алатын тұлғалардың тізімін жариялауға қатысты түсініктеме берді.

Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады Фото: canva.com

Қазақстанда 2018 жылы Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, шет мемлекеттерден, шетелдік азаматтардан, халықаралық және шетелдік ұйымдардан қаржы немесе мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруі міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл есепті заң көмегін көрсету, қоғамдық пікір қалыптастыру, социологиялық зерттеулер жүргізу қызметтерімен айналысатын тұлғалар тапсырады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізіліп, комитеттің ресми интернет-ресурсында шетелден қаржы немесе мүлік алған азаматтардың тізімін жариялау тәртібі бекітілді.

Аталған мәліметтер жылына екі рет, әр жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, www.kgd.gov.kz сайтында орналастырылады.

Бұл шара мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған.

  • 2023 жылдың І жартыжылдығында – 239 адам шетелден қаржы немесе мүлік алғаны туралы есеп тапсырды (19.09.2023 ж. жарияланды).
  •  2023 жылдың ІІ жартыжылдығында – 192 адам бойынша мәлімет жарияланды (20.03.2024 ж.).
  • 2024 жылдың І жартыжылдығында – 192 адамның тізімі жарияланды (19.09.2024 ж.).
  • 2024 жылдың ІІ жартыжылдығына қатысты ақпарат 2025 жылдың 20 наурызына дейін жарияланады.

Шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтар мен ұйымдарды анықтау тәжірибесі бұған дейін де қолданылып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу