Шетелдік өкілдіктерде берілген дауыстар Түркияға әкелінді

674

Шетелдік өкілдіктерде дауыс берушілердің саны 1 миллион 800 мыңнан асты.  

Шетелдік өкілдіктерде берілген дауыстар Түркияға әкелінді Фото: mei.edu

13-ші президент және 28-ші мерзімді парламент сайлауы үшін шетелдік өкілдіктерінде берілген дауыстардың бір бөлігі Түркияға әкелінді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелде тұратын түрік азаматтары 27 сәуір мен 9 мамыр аралығында өкілдіктерде дауыс берді. Ал бүгін дауыстар салынған қаптар сайлау қызметкерлерінің бақылауымен мөрленгеннен кейін курьер және саяси партия өкілдерінің сүйемелдеуімен Түрік әуе жолдарының белгіленген ұшақтарымен Ыстанбұл әуежайына әкелінді. Содан соң дауыстар жауапты адамдардың бақылауымен әуежайдағы шетелдегі сайлау округінің басшылығына жеткізілді.

Осылайша, шетелден әкелінген қаптар судьяның қадағалауымен Ыстамбұл әуежайындағы 7 кілтпен ашылатын болат есігі бар бөлмеде сақталады. Одан кейін Анкарадағы шетелдік округтік сайлау комиссиясына жеткізіледі.

Жоғары сайлау комитетінің басшысы Ахмет Енер 75 елдегі Түркияның дипломатиялық өкілдіктерінде 156 сайлау учаскесі ашылғанын хабарлаған болатын. Осы орталықтарда жиналған 1 миллион 800 мың дауысты 14-мамыр күні кешкі сағат 5-тен кейін санау процесі басталады.

Айта кетейік, шекара бекеттерінде дауыс беру 14-мамыр сағат 17.00-ге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу