Шетелдік профессор Қазақстандағы тіл саясатына көзқарасын білдірді

756

Шетелдік профессор Қазақстандағы тіл саясатына көзқарасын білдірді

Джавахарлал Неру Университетінен шақыртылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор Пунит Гаур Қазақстанның латын әліпбиіне көшу талпынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ойынша, бұл реформа тек жағымды нәтижелерге алып келеді.

"Латын қарпіне көшу - тек оң қадам болмақ. Себебі латын әліпбиі көптеген тілдерге жақын. Әлемдік жаһандану және процестердің ықпалдасуы жүріп жатқан заманда, тілдік тұтастық халықаралық серіктестіктің дамуына септігін тигізеді", - деді профессор.

Гаурдың пікірі бойынша, Қазақстан халқы қазақ тілінде де, орыс тілінде де еркін сөйлей алуы жағымды жағдай. Ол бұдан хинди және ағылшын тілдерінде сөйлейтін Үндістан халқымен ұқсастықты байқап отыр.

Қазақстанда бір жылдан астам уақыт бойы оқытушы болып қызмет атқарып жүрген үндістандық профессор Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына тәнті екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу