28 мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңі үшін шетелдік өкілдіктер мен кеден бекеттерінде 1 миллион 902 мың 417 адам дауыс берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Шетелде тұратын түрік азаматтары 20 мамыр мен 24 мамыр аралығында өкілдіктерде дауыс берді. Ал кеден бекеттерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Айта кетейік, 28 мамыр күні 17.00-де аяқталады.
Сондай-ақ дауыстар салынған қаптар сайлау қызметкерлерінің бақылауымен мөрленгеннен кейін курьер және саяси партия өкілдерінің сүйемелдеуімен Түрік әуе жолдарының белгіленген ұшақтарымен алдымен Ыстанбұл әуежайына әкелінді. Ал кеше дауыстардың бір бөлігі Анкараға жеткізілді. Түркиядағы сайлаушылар дауыс берген күні барлығы бірге есептеледі.
Бұған дейін Жоғары сайлау комитетінің басшысы Ахмет Енер 75 елдегі Түркияның дипломатиялық өкілдіктерінде 156 сайлау учаскесі ашылғанын хабарлаған болатын.