Шетелдік сарапшылар Алматыдағы әскери бөлімге инспекция жүргізді

352

Германия мен Бельгияның әскери сарапшылар тобы Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасына инспекция жүргізді.

Шетелдік сарапшылар Алматыдағы әскери бөлімге инспекция жүргізді Фото: Қорғаныс министрлігі

Аталған шаралар сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының еуропалық және стратегиялық қауіпсіздік шарттары мен келісімдерін іске асыру бөлімінің бастығы подполковник Арнұр Ақжігітов Қазақстан қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылға қашанда белсенді және дәйекті түрде қатысатынын және солай болып қала беретінін атап өтті.

Шетелдік сарапшылар барлық санаттағы әскери қызметшілерді парашютпен секіруге қалай дайындайтынын, қару-жарақ пен жүктерді десанттауды қалай іске асыратынын көріп, қалалық жерлерде ұрыс жүргізуді үйрету үдерісімен танысты.

Әскери бөлімнің аумағын тексеру жауынгерлік техниканы, спорт кешенін көрсетуден басталды. Шетелдік делегация өкілдеріне жауынгерлік машиналар паркі, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу шеберханалары, оқу сыныптары, әуе-десанттық дайындық кешені және әскери қызметшілерді қалалық жағдайларда іс-қимылға үйретуге арналған тактикалық қалашық көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу