Шетелдік саудагерлер баға басымдығына ие болып отыр

778

Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов еліміздегі шетелдік интернет-дүкендерге арнайы салық салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Шетелдік саудагерлер баға басымдығына ие болып отыр

"Электронды коммерциядағы тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша нормативтік шараларды одан ары күшейту көзделген. Тауарларды қайтаруға, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мәселе күні бүгінге дейін өзекті болып тұр", – деді Нариман Әбілшайықов. 

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, сауданы көлеңкеден шығару арқылы, әлеуметтік желіге, заңды шеңберге әкелуге басымдық беріледі.

"Әлеуметтік желі арқылы сатылатын тауар көлемі жайлы мәлімет жоқтың қасы. Бұл нарық заң талабы сақталмаған "сұр аймаққа" жатады. Ресми жүктемеден құтылған бейресми сектордың шағын субъектілері негізсіз бәсекелік артықшылыққа ие болып келеді", – деді Нариман Әбілшайықов.

Спикердің сөзінше, электронды саудадағы қазақстандық операторларды қолдау мақсатында заңнамалық тұрғыда отандық және шетелдік интернет-дүкендердің тепе-теңдігіне қол жеткізу жоспарланып отыр. 

"Салық төлемін жүргізбегендіктен, шетелдік саудагерлер отандық сауда алаңдарының алдында баға жағынан басымдыққа ие болып келеді", – деді Нариман Әбілшайықов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу