Шетелдік тау-кен кәсіпорындарының саны артып келеді

1966

Шетелдік компаниялардың өсімі отандық компаниялардың өсімінен артық. 

Шетелдік тау-кен кәсіпорындарының саны артып келеді

Finprom.kz сайтының мәліметі бойынша елдегі ірі кәсіпорындардың 8%-ын шетелдік компаниялар құрап отыр.  Қызмет көрсету, қонақүй және тамақтану, тау-кен саласында шетелдік компаниялардың үлесі 30%-ға жеткен.

"2019 жылдың қыркүйегінде шетелдік компаниялар саны 17,4%-ға артып, 16,4 мыңға жетті. Ал жергілікті компаниялардың өсімі 9% ғана. Мұндай тенденция жыл сайын байқалып келеді", – деп жазады Finprom.kz.

Сайттың жазуынша, шетелдік компаниялар көбінесе тау-кен өнеркәсібінде белсенді. Бұл салада 306 компания жұмыс істеп отыр. Оның ішінде шетелдік ірі компаниялардың үлесі 28,7%-ды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу