Енді уақытылы мемлекеттік тіркеуден өтпеген азаматтар жүргізуші куәлігінен айрылады.
Темір тұлпар тізгіндеуге 1 жылға дейін рұқсат берілмейді. Бұған дейін, ескертуді елемей, заңды белден басқандар 10 айлық есептік көрсеткішке тең 31 мың 800 теңгесін төлеп сытылып кетіп отырған.
Енді айыппұл көлемі де 2 есеге ұлғайтылды. Жалған номер таққаны үшін жүргізу куәлігімен қоса, бас бостандығынан да айрылу қаупі бар. Заңға бағынбағандарды да дәл осындай жаза күтіп тұр. Жаңа талап 60 күннен кейін өз күшіне енеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу