Шетелдік туристер арасында Қазақстанның танымал қалалары аталды

694

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. 

Шетелдік туристер арасында Қазақстанның танымал қалалары аталды Фото: inbusiness.kz

Сондай-ақ, еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған.

2022 жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды.

Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

"Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу  бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз", – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу