Шетелдік туристердің саны екі есе өскен

Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 1,4 млн туристке жетеді. 

Шетелдік туристердің саны екі есе өскен Фото: Inbusiness.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың баяндауынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3 млн-нан астам қазақстандық ел ішінде саяхат жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мыңға артық.

Болжам бойынша жыл соңына дейін ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді.

"Сондай-ақ, шетелдік туристердің саны екі есе өскені байқалады. Бұл 6 айдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам адамды құрайды.  Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 1,4 млн туристке жетеді. Биылғы 9 айда туризм саласына 404,8 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы  көрсеткіштен 44% пайызға артық", – деді министр Үкімет отырысында.

2022 жылдан бастап осы саладағы кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.

"Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары бойынша оң динамика байқалады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 600 млн теңгеден астам өтінім мақұлданды", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу