Шетелдік валютаны саудалау көлемі 5 трлн 448,7 млрд теңгеге жетті

775

Теңгенің долларға қатысты бағамы екінші тоқсанда нығая бастады.

Шетелдік валютаны саудалау көлемі 5 трлн 448,7 млрд теңгеге жетті

2020 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында Қазақстандық қор биржасында шетелдік валютаны саудалау көлемі 5 трлн 448,7 млрд теңгеге жетті, көрсеткіш былтырғыдан 4,1%-ға кем. Бұл туралы KASEнің сайтында жазылған. 

Бір күнде жасалынатын сауданың орташа көлемі алғашқы жарты жылдықта 45,4 млрд теңге болды. Бір күндегі келісімдердің орташа саны 367, ал бір келісімнің орташа көлемі 123,6 млн теңгеге жеткен.

"Валюта нарығындағы жағдай теңгеге керіс әсерін тигізгені сөзсіз. Бұған мұнай бағасының төмендеуі, шикізат нарығындағы іркіліс, экономикалық белсенділіктің азаюы, әлемдік пандемия, жаһандық рецессия басталады деген күдік сияқты факторлар әсер етті. Екінші тоқсанда теңгенің долларға қатысты бағамы біртіндеп нығая бастады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу