Астана аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шаралары жүргізілу барысында, тіркеуде жоқ 4 намазхана анықталды, деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері тіркеуде жоқ 4 намазхананы, экстремистік мазмұны бар материалдарды сақтау дерегін және заңсыз емдеумен айналысу дерегін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, алдын алу шаралары барысында елорда аумағында уәкілетті органдарда заңсыз миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматын анықталды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау мәселесі сот тәртібінде қаралып жатыр.