Шетелдікке 45 мың теңге төлеткізген такси жүргізушісі ұсталды

447

Оқиға елордада болған.  

Шетелдікке 45 мың теңге төлеткізген такси жүргізушісі ұсталды Фото: polisia.kz

Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады.Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген", – деп жазылған хабарламада.

Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.   

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу