Шетелдіктен такси қызметі үшін 40 мың теңге алған жүргізуші анықталды

898

Шетелдіктен такси қызметі үшін 40 мың теңге алған жүргізуші анықталды

Шетелдіктен такси қызметі үшін 40 мың теңге алған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

"Шетелдік саяхатшыны Алматы халықаралық әуежайынан "Қазақстан" қонақ үйіне дейін 40 мың теңгеге жеткізген жүргізуші туралы ақпарат түскеннен кейін полиция істің анық-қанығын анықтауға бірден кірісті. Бұл туралы ең бірінші қонақүй жұмысшылары "102" -ге хабарлады. Біз такси жүргізушісінің кім екенін жедел анықтап, оны ішкі істер басқармасына шақырдық", -дейді Медеу ауданының ІІБ басшысы Болат Тотыбаев 

 Ер адам шетелдіктің білместігін пайдаланғанын бірден мойындап, алған ақшаны иесіне қайтарды.

"Сонымен қатар, болашақта еліміздің имиджіне теріс әсер етуі мүмкін осындай фактілерді болдырмауы үшін такси жүргізушісінен әңгімелестік", - дейді Болат Тотыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу