Шетелдіктер елордалық кәсіпкердің зергерлік бұйымдарына қызығушылық танытуда

722

Әсел Катренованың зергерлік бұйымдары елорда тұрғындары арасында кеңінен танымал. 

Шетелдіктер елордалық кәсіпкердің зергерлік бұйымдарына қызығушылық танытуда

Бизнестің жол картасы аясында грантпен ашылған шайырлы зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар шеберханасы бүгінде жарнаманы қажет етпейді.

Әсел Катренованың зергерлік бұйымдары елорда тұрғындары арасында кеңінен танымал, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Тұрақты клиенттер бар. Тіпті "Инстаграм" жүргізудің қажеті жоқ. Өйткені біз туралы ақпарат ауызша тарауда және бұйымдарымызды көргендер бір-біріне айтады", – дейді Әсел Катренова.

Ол өз өнімдерінің танымалдылығын ыждағаттылықпен түсіндіреді. Кәсіпкер жеке бизнесін бастамас бұрын барлық нюанстарды зерттеп, арнайы оқытудан өткен. Шайырмен жұмыс істеу өте ауыр, көп уақыт қажет етеді. Мұнда шайырды әр түрлі материалмен біріктірудің ерекше техникасының шеберлігі маңызды. Мысалы, Әсел шайырды ағаш, былғары, кептірілген гүлдермен біріктіреді.

"Шеберхана ашуды екі жыл бұрын ойлай бастадым. Содан кейін мен бірдеңе жасағым келді және зергерлік шайыр туралы білдім. Кәсіп ретінде шеберхана ашуды жоспарладым. Бірінші жылы оқыдым, үйрендім, тырыстым. Содан кейін бір досым әкімдіктің "Бизнестің жол картасы" бойынша гранттары бар екенін айтқан кезде, байқап көруге шешім қабылдадым. Яғни, мен бастапқыда өз ісімді бизнес ретінде жоспарладым. Тек қаржыны қайдан алуға болатынын білмедім, өйткені құрал-жабдық өте қымбат", – дейді кәсіпкер.

Әсел Катренова грант бойынша алған ақшаны Германиядан жабдық сатып алуға жұмсаған. Ал материалдар мен аксессуарларды Ресей, Қытай, Италиядан сатып алды. Іскер әйел өнім көлемін ұлғайтып, шетелге жеткізуді жоспарлап отыр. Бірегей зергерлік бұйымдарға Англия мен Германияда қызығушылық танытқандар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу