Шетелдіктер Карлагта тұтқын болған 150 испандық туралы дерек іздеп келді

1083

Испандық продюсерлер мақсатты түрде Қарлаг пен АЛЖИР музейлеріне барып, Қарағанды облысына жер аударылған әскери тұтқындар мен репрессияға ұшырағандар тақырыбын терең зерттеуге кірісіпті. 

Шетелдіктер Карлагта тұтқын болған 150 испандық туралы дерек іздеп келді

Испандықтар Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау кезең – 40-50-ші жылдар туралы фильм түсірмек. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында хабарлады.

Министрдің айтуынша осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстанға Испаниядан мадридтік Plano a Plano жетекші кинокомпаниясы кинематографистері келіп, Алматы, Қарағанды, Астана қалаларын аралапты.

"Қазіргі таңда біз тарихи киножоба бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылаудамыз", – деп жазды министр.

Испандық продюсерлер мақсатты түрде Қарлаг пен АЛЖИР музейлеріне барып, Қарағанды облысына жер аударылған әскери тұтқындар мен репрессияға ұшырағандар тақырыбын терең зерттеуге кірісіпті. Фильм Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау кезең – 40-50-ші жылдар туралы болмақ.

"Қарлаг – 1930-1950-ші жылдардағы ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірі екені белгілі. Мұнда әртүрлі елдердің көптеген өкілдерімен қатар 150 испандық әскери тұтқын болған. Қазақстан сол қасіретті жылдар туралы архив құжаттарын ресми түрде Испанияға берген КСРО құрамындағы республикалардың ішіндегі бірінші ел болды. Бұл құжаттар тұтқындардың туыстары мен жақындары және зерттеушілер үшін баға жетпес айғақтар болды" – дейді Мұхамедиұлы.

Елімізге келмес бұрын олар испандық Энрико Гаспар Родригестің "Қарағандыда ұмытылғандар" деректі фильмін көріп, ондағы тұтқын испандықтардың тағдыры ерекше әсер етіпті. Қазақстан тарапынан "Жаңа әлем" продакшн" компаниясы жоба бойынша келіссөздерді жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу