Шетелдіктер Қазақстанға 3 трлн теңгеден аса инвестиция салды

2022 жылы шетелдік инвестиция көлемі 3 трлн 171,7 млрд теңгені құрады.  

Шетелдіктер Қазақстанға 3 трлн теңгеден аса инвестиция салды Фото: Tengrinews.kz

Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 258,4 млрд теңгеге өсті, бірақ әлі пандемияға дейінгі деңгейге (4 трлн 110,7 млрд теңге) жеткен жоқ. 

Өсім 13 өңірде байқалды.  Ең жоғары динамика Алматы (+108 млрд теңге) және Батыс Қазақстан облыстарында (+91,6 млрд теңге) тіркелді. Қалған жеті облыста көрсеткіш төмендеген, оның ішінде инвестиция ең көп Жамбыл (-60,4 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облыстарында (-57,7 млрд теңге) азайды.

Атырау облысы бұрынғысынша шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды өңір саналады. Мұны олардың жалпы инвестициясының 33,4%-ын немесе 1 трлн 058,8 млрд теңге құйғанынан (+52,4 млрд теңге) байқауға болады. Алайда бұл пандемияға дейінгіден (1 трлн 875,6 млрд теңге) әлі де аз.  

Екінші орында, әлдеқайда Қарағанды облысы тұр.  Оның үлесі 10,8% құрайды.

Шетелдік инвестицияның ең азы Шымкентке (18,6 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облысына (18,8 млрд теңге) тартылды. 

Жалпы шетел инвестициясының үлесіне келетін болсақ, ол төртінші жыл қатарынан азайып келеді.  Егер 2019 жылы олар жалпы көлемнің үштен бір бөлігін (32,8%) құраса, 2022 жылы оның тек бестен бір бөлігі (21,1%) шамасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу