Шетелдіктерді 8 күшейтілген ХҚО қабылдай бастады

745

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін.

Шетелдіктерді 8 күшейтілген ХҚО қабылдай бастады

Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы оларды Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды.

Қабылданған шаралар ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады деп күтілуде. Енді өзге елден келгендер сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті мына мекенжайлар бойынша ала алады:
• Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А;
• Астана қ., Сауран к-сі, 7;
• Павлодар қ., Павлов к-сі, 48;
• Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2;
• Қостанай қ., Гашек к-сі, 14;
• Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157;
• Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а;
• Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249.

ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат пен өтініші қажет болады.

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін.

Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырылып жатқанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу