Шетелдіктерді заңсыз тіркеуге қойып келген қылмыстық топ құрықталды

945

Оның құрамында миграциялық орталық мамандары да бар.

Шетелдіктерді заңсыз тіркеуге қойып келген қылмыстық топ құрықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда Орта Азия елдерінің азаматтарына заңсыз миграциялық қызмет көрсеткен қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Күдіктілерді тұтқындау операциясын қалалық прокуратура мен ҰҚК мамандары 15 қараша күні бірлесіп жүргізген. 

"Қылмыстық топқа Алматы миграциялық қызмет орталығының мамандары мүше болғаны анықталды. Бұдан бөлек олардың қатарында шетелдіктердің атына заңсыз №086 анықтамасын жасап, құжаттарды жедел түрде тіркеумен айналысқан делдалдар болған",– деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар тінту барысында күдіктілерден 4 төлқұжат, 2 млн теңгеден астым ақша және шетелдіктерді тіркеуге қажет өзге де құжаттар тәркіленді.

"Қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері жүйелі түрде шетелдіктердің атына заңсыз құжаттар жасаумен айналысып келген. Мигранттар жалған мекен-жайлар бойынша тіркеуге тұрғызылып, заңды күші жоқ еңбек-шарттары бойынша жұмыс істеген",– деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу