Шетелдіктерді жұмысқа алған компанияға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды

887

Шетелдіктерді жұмысқа алған компанияға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Семейде "Нелегал - 2018" жедел алдын алу шаралары кезінде Серб Республикасының 7 азаматы әуежайда заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталған, деп хабарлайды 24.kz.

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, олар елімізге жеке шаруаларымен келген. Қалалық ІІБ-да 5-маусымға дейін тіркелген шетелдіктер жергілікті әкімдіктің рұқсатынсыз жөндеу жұмыстарымен айналысқан.

Сербиялықтарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оларды жұмысқа тартқан компания басшылығына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тек бір күннің ішінде жедел алдын алу шаралары кезінде барлығы 33 шетелдік жауапқа тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу