Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев Қазақстан ТМД елдерінің ішінде медициналық туризм бойынша алдынғы қатарда екенін айтты, деп хабарлайды astana.gov.kz.
"Денсаулық саласында жүзеге асырылған төрт реформа ел медицинасының сапасын жаңа деңгейге көтерді. Соның негізінде елімізде, оның ішінде Астанада медициналық туризм дами бастады. Атап айтқанда, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде медициналық туризм бойынша алдынғы қатарда", - деді Жақсылық Досқалиев.
Оның мәліметінше, бүгінде бізге келіп ем алғандардың дені Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай мен Америка азаматтары.
"Медициналық туризмді бұдан әрі де дамытамыз деген ойдамыз. Осы күні кардиохирургия, педиатрия, нейрохирургия салалары жақсы деңгейге көтерілді", - деді Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры.
Спикердің айтуынша, елімізге шетелден емделушілердің басым бөлігі жасуша және ағза алмастыру оталарын жасату үшін келеді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада 5000 жуық жоғары технолигиялық ота жасалды.
Бұдан бөлек 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес "Денсаулық" мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Астана бірінші орында тұр.