Шетелдіктердің елімізде тұруына рұқсат беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді

551

Тізімде 21 мамандық түрі көрсетілген. 

 Шетелдіктердің елімізде тұруына рұқсат беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді Фото: Экспресс К

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдіктердің Қазақстанда тұруына рұқсат беретін сұранысқа ие мамандық түрлерінің тізімін бекітті, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, тізімде сұранысқа ие 21 мамандық түрі көрсетілген.

"Сұранысқа ие мамандықтары бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі", - деп нақтылады министрлік.

Сұранысқа ие мамандықтар тізімі:

  1. Дәрігер-нейрохирург
  2. Дәрігер-гематолог
  3. Дәрігер-онколог
  4. Дәрігер-неонатолог
  5. Дәрігер-эндокринолог
  6. Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  7. Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  8. Фармация инженер-технологы
  9. Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші
  10. Авиациялық инженер
  11. Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері
  12. Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер
  13. Лазерлік жабдық жөніндегі инженер
  14. Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  15. Инженер-медициналық радиохимик
  16. Инженер-медициналық физик
  17. Тоқыма шикізатының классификаторы
  18. 18. Бактериолог
  19. АТ инфрақұрылымының архитекторы
  20. Бағдарламалық қамтылым архитекторы
  21. Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу