Шетелдіктердің үлесі бар компаниялар саны 12%-ға артты

659

Шетелдік компаниялар көбінесе бөлшектік және көтерме сауда саласында кәсібін дөңгелетіп отыр.

Шетелдіктердің үлесі бар компаниялар саны 12%-ға артты

Қазақстанда шетелдік бизнеспен бірлесе жұмыс істейтіндердің қатары өсті: бір жылда шетелдіктердің үлесі бар компаниялардың саны 12%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, олардың саны 21,7 мыңға жеткен. 97,3% немесе 21,1 мыңы – шағын компаниялар, 1,2% немесе 260-ы – ірі компаниялар.

Шетелдік компаниялар көбінесе бөлшектік және көтерме сауда саласында кәсібін дөңгелетіп отыр: саны – 8,6 мың. Ал құрылыс саласындағылардың саны – 2,2 мың. Ғылыми, кәсіби және техникалық қызмет саласындағылардыкі – 1,6 мың.
Шетелдік компаниялардың 7,40 мыңы Ресейдікі, 2,44 мыңы Түркияныкі, 1,24 мыңы – Қытайдыкі. Бұлардың басым бөлігі сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істейді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу