Шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша заңнамаға түзету енгізіледі

672

Осы қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкіметтің қарауына көші-қонның 2023-2027 жылдарға арналған өзгертілген тұжырымдамасын енгізуді жоспарлап отыр.

Шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша заңнамаға түзету енгізіледі

Құжатта Қазақстан экономикасына бір уақытта 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза, сондай-ақ дефицит кәсіптер бойынша келген шетелдіктер үшін визаларды енгізу қамтылады. Механизмдер мақұлданғаннан кейін заңнамаға тиісті түзетулер 2023 жылдың шілдесіне дейін заңға енгізіледі. 

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Ол "қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде қандастарды көшіру және ішкі көші-қон тәсілдерін қайта қарау үшін әрбір қабылдаушы өңір қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасын әзірлеуі тиіс екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу