Шетелдіктерге жер сатпауға қатысты заң қабылданды

864

Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісті деп мәлімдеді. 

Шетелдіктерге жер сатпауға қатысты заң қабылданды

Бұл – Парламент шетелдіктерге жер сатпау туралы заң жобасын қабылдады, деген сөз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтырулар шетелдік жер пайдаланушылардың және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік және жер пайдалану құқығымен кандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуді көздейтін заң жобасының мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды", – деді Берік Оспанов.

Естеріңізге салайық, 29 сәуір күні сенат жерге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу