Шетелдіктерге жер сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

1198

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. 

Шетелдіктерге жер сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылған. 

"Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Бұдан кейін Мемлекет басшысы 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынына тоқталды. 

"Негізгі мәселені айқындап алдық. Шетелдіктерге жер сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", – деді Президент.

Қанат Махамбет 
Фото: yugtimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу