Шетелге 700 тонна металл шығармақ болғандар ұсталды

1142

Тінту барысында кәсіпорын аумағынан шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары тәркіленді. Бұдан өзге түсті металл сынығы табылды.  

Шетелге 700 тонна металл шығармақ болғандар ұсталды Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған компания түсті металдарды заңсыз қабылдап, өңдеп, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан шығаруға тырысқан.

Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу