Шетелге маска сатқандар ұсталды

663

Қазақстаннан жалпы соммасы 38 миллион теңге болатын медициналық маскалардың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өтпек болғандар ұсталды.

Шетелге маска сатқандар ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері маскаларды отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алып, қылмысқа қатысы жоқ адамдарды шетелден сатып алушыларды іздеуге мәжбүрлеген.

"Бір қызығы, қылмыстық топтың мүшелері алған қаражаттарын күнделікті нанына емес, қымбат көліктер мен брендті заттарды сатып алуға, мейрамханаларға баруға және "сәтті" өмірдің басқа да атрибуттарын қанағаттандыруға жұмсаған. Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр",– деп жазылған ақпаратта.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу