Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков желіде алаяқтық оқиғалардың жиілегенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халық қалаулысы әлеуметтік желілер түрлі ақпарат пен контентке толы екенін жеткізді.
"Жеңіл ақша тауып, рейтинг жинауды көздейтін кей тұлғалар азаматтарды оңай олжалы болуға ұмтылдырып, ашық алдауға көшкен. Бұған қашықтықтан жалған келісімшарттар жасау, маркетингтік алдау, сапасыз тауарлар сатып, сапасыз қызметтер көрсету жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, жуырда шетелге 100 пайыз оқуға түсіруге уәде беріп, миллиондаған теңгені қалтасына басқан білім беру орталығының басшысы ата-аналар мен мектеп түлектерін сан соқтырып кеткен. Елімізде мұндай алаяқтық оқиғалар күн санап артып келеді. Алайда көрінеу жалған жарнама жасайтындарды бақылаумен айналысатын мемлекеттік мекеме жоқ", - деп атап өтті Олжас Құспеков.