Шетелге саяхаттамақ болған павлодарлық алаяқтарға алданып қалды

324

Жәбірленуші турфирманы instagram желісі арқылы тапқан

Шетелге саяхаттамақ болған павлодарлық алаяқтарға алданып қалды Фото: polisia.kz

Демалыс кезінде саяхатқа сұраныс артады. Осындай сәттерде теңіз жағасында демалу үшін таңғаларлық жеңілдіктер ұсынатын турфирмалар да күшейеді.

"Мұндай бір күндік фирмалар өздерінің турлары басқаларынан арзанырақ болатынына сендіріп, шұғыл түрде алуға көндіріп, алдын ала төлемді сұрайды. Түркияда демалмақ болған Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны осындай жарнаманың құрбаны болды", дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Жәбірленуші Instagram желісінде турды таңдағанда клиенттердің фотосуреттері мен жақсы пікірлеріне толы туристік компанияны байқаған.

"Компания күмән тудырмады: абоненттер көп, сондықтан сенуге болады. Содан кейін мен байланыс нөмірімен өтініш қалдырдым. Сол күні WhatsАpр қосымшасында маған өзін ЖШС-нің бірінің бас директоры ретінде таныстырған жігіт хат жазып, ұсыныспен таныстырды: турдың құны мен шарттары тиімді болды. Сонымен турға ақы төлеу ғана қалды. Содан кейін маған ақша аудару үшін карта нөмірі жіберілді", дейді ол.

Ұзақ ойланбастан қыз қомақты қаражатты картаға жіберді. Бұл тур 2023 жылдың 21 шілдесінде 7 түнге ұшуы керек еді. Тур екі адамға арналған, құны 480 мың теңге болатын. Қолма-қол ақша аударғаннан кейін, ол Whatsap-чатының бұғатталғанын байқады және демалысқа бара алмайтынын, алаяқтардың құрбаны болғанын бірден түсінді. 

Аталған факті бойынша полицейлер қылмысқа қатысы бар адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Бүгінгі таңда аймақ аумағында алаяқтықтың 11 фактісі тіркелді, онда сенгіш азаматтар жалған туристік компанияларының қармағына түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу