Шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

1345

Мемлекетке 116 680 теңге қарызы бар тұрғындар шетелге шыға алмайды.

Шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға тыйым салынғанын "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар аталған сервистің көмегімен борышкерлер қатарында бар-жоғын тексер алады.

"Сот орындаушылары бюджетке 40 айлық есептік көрсеткіштен аса (1 АЕК – 2 917 теңге, 116 680 теңге) қарызы бар жеке тұлғалардың шетелге шығуын шектейді.
"Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасын пайдалану үшін ұялы телефон нөмірі мен ЖСН нөмірін тіркеу керек. Қосымшаны пайдалану тегін", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу