Шетелге темекі тасимын деп 2,7 миллион теңге айыппұл арқалады

875

Мемлекеттерге жыл сайын контрафактілі темекі саудасынан төленбеген салықтар түрінде 35-тен 40 миллиард долларға дейін залал келеді екен.

Шетелге темекі тасимын деп 2,7 миллион теңге айыппұл арқалады

БҚО-да автокөлікпен акциздік маркалары жоқ темекіні шетелге заңсыз шығармақ болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылы жеке кәсіпкер А. Махмудов Алматы қаласында 319 мың қорап акцизсіз темекі сатып алған. Ол темекі өнімдерін автокөлікке тиеп, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресей Федерациясына жіберген. Сонымен қатар заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында ол акциздік маркалары бар 24 мың қорап темекіні сатып алып, оларды автокөліктерге салған", – деп жазылған ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталған кәсіпкерге 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған, ал акцизделмеген темекі өнімдері жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу