Шетелге заңсыз ақша тасығандардың тізімі жарияланбайды

604

Әділет министрі Азамат Есқараевтың пайымдауынша, бұл дерек анонимді түрде қалуы тиіс.

Шетелге заңсыз ақша тасығандардың тізімі жарияланбайды Фото: Ашық дереккөзден

"Сыртқа қанша қаржы құйтырқы жолдармен шығарылғанынан хабардар болсақ та, бұл кімнің ісі екенін біле алмаймыз". Есқараев жалған ақпарат тараса, кесірі кінәсіз адамға тиіп кетуі мүмкін, дейді. Активтерін заңды аударғанын дәлелдесе де, абыройына нұқсан келері анық.

"Ол азаматтардың істеп жүрген жұмыстары мен кәсібі бар, серіктестері бар дегендей. Егер жалған ақпарат тараса, азаматтың инвестициялық ахуалына әсер етуі мүмкін. Мәселен, кейін азамат активтердің заңды түрде шыққанын дәлелдей алып жатса, оның экономикалық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Сол себепті жабық түрде болғанын дұрыс деп ойлаймын", - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Jusan bank Қазақстанға екіжақты келісім арқылы қайтарылды. Бірақ ол үшін жауапты органдардың қандай әрекетке барғаны, нендей құжатқа қол қойғаны белгісіз. Әділет министрлігі басты назарды нәтижеге салған жөн,-деп санайды. Еске салсақ, 2021 жылы Қазақстан билігі Жусан банкты қол астынан шығарып алған еді. Ол телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салалардағы активтерімен қоса шетелдік юрисдикцияға аударылды. Және биыл араға екі жыл салып Әділет министрлігі және мемлекеттік органдардың күшімен бүкіл жусан тобы мемлекет қарамағына қайтарылды.

"Шын мәнінде бұл күрделі мәселе. Министрлік және өзге де жауапты мемлекеттік органдар тиісті жұмыс атқарды. Бұл жерде ең бастысы нәтиже деп ойлаймын. Шетелдік юрисдикция банкты өз еркімен қайтарды. Екіжақты келісім бар", - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу