Атырауда серіктестік директоры 1 млрд 200 млн теңгеден астам қаражатты Қытайға заңсыз шығармақ болған. Оған 1,3 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ҚХР тумасы Цуй Цуньде "Монтаж-01" ЖШС-нің Атырау филиалы атынан "Beijing True Fortune International Trading Co., LTD" компаниясымен "Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы" бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсету үшін жалған мәміле жасаған.
Шындығында, ол үшін консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.
Осылайша, аталған агенттік Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын шығару бойынша заңсыз әрекеттің жолын кесіп, Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге айыппұл салынды.
Құралай Қуатова