Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге қайтарылды

1034

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге қайтарылды Фото: zakon.kz

Қазақстан шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңгеге жуық активтерді қайтарып алды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бүгінде 670 млрд теңге қайтарылды. Бұл Бас прокуратураның ресми мәліметі", - деді Ерұлан Жамаубаев.

2022 жылғы ақпан айында Мемлекет басшысы Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражатты қайтару жөнінде Үкіметке ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын. Былтыр жазда елімізде тиісті ведомствоаралық комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу